Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева мәлімдеді.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 202,7 млрд теңгеге жеткен. Аймақтың нақты көлем индексі — 115,8 пайыз. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 184,8 миллиард теңгені құрап, республика бойынша үшінші орынға шыққан. Сондай-ақ былтыр аймақта 50,8 мың шағын және орта бизнес субъектісі қызмет етіпті. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе өңірі республикада екінші орынға шыққан. Басқарма басшысының мәліметінше, облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында былтыр 7 жоба бойынша келісімшарттар жасалынған. Ал биыл қосымша 12 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Алдағы уақытта облыстың әр ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кем дегенде 2-3 жобаны іске асыру көзделген.
Басқарма басшысының айтуынша, биыл әлеуметтік салаға 111,8 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде білім беру саласына — 67,2 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына — 28,6 млрд теңге бөлінген. Яғни бюджеттің 75 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр.