Ақтөбе облысы шағын және орта бизнес өнімдерін шығаруда алда келеді

2252

 Ақтөбе облысы шағын және орта бизнес өнімдерін шығаруда алда келеді

Өткен жылы Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті дамытуға 41 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері мен перспективалары жөніндегі отырыста айтылды.

Облыс әкімі бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп, жыл сайын қаржыландыру артып келе жатқанын атап өтті.

"Бұл салада 130 мың адам немесе экономикалық жағынан белсенді халықтың 30 пайызы айналысады. Дегенмен нәтиже әлі де аз. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, бизнестегі әкімшілік кедергілерді жою шараларын қолға алу қажет, -  деді Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны — 49,5 мың бірлік. Өсім — 108,5 пайыз. Бұл — Қазақстан бойынша екінші көрсеткіш. Шағын және орта бизнес өнімдерін шығару көлемі — 662,1 млрд. теңге немесе 120,5 пайыз. Ал бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы бірінші орында.

Жыл басынан бері 109 жобаға қолдау көрсетілген. Оның — 47,7 % аудандардың, 52,3 % Ақтөбе қаласының үлесінде. Пайыздық мөлшерлеме несиелері бойынша субсидия алған жобалардың ең басым бөлігі — облыс орталығында (59%). Басым бағыттардың қатарында өндіріс, көлік қызметтері, сауда, білім беру қызметі және т.б. бар.

Ақтөбе қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің толық форматты орталығын құру үшін қазіргі күні Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәжірибелері зерттеліп жатыр. Оның ішінде мәлеметтер базасын жүйелендіру, электронды форматта "жалғыз терезе" принципі бойынша рұқсат беру процедуралары бар.

2017 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 52,4 мың бірлікке жеткізу, оларда жұмыс істейтін адамдардың санын 132 мың дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу