Ақтөбе облысы Темір ауданында үй салу жұмыстары басталды

261

Облыста 650-ден астам отбасы жаңа қонысқа көшеді.

Ақтөбе облысы Темір ауданында үй салу жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру бойынша жоспарлы жұмыстар белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Табиғи апаттан жапа шеккен Темір ауданының Құмсай ауылына құрылысшылар келіп, алғашқы үйдің іргетасын құйды. Баспаналар тұрғындардың ұсынысы ескеріле отырып, олар таңдаған биік жерге салынады. 

Ауылда табиғи апаттан 44 үйге зақым келді. Оның 22-сі жаңадан салынса, 16 отбасы екінші нарықтағы дайын үйді сатып алатын болды. Тағы 6 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл отбасыларға тиісті қаржы бөлінген. 

Тұрғын үйлер мемлекет бекіткенбірпәтерлі типтік жобамен бой көтереді. Аумағы - 80 шаршы метр. Қазіргі таңда мердігерлер "Taf Company" және "МугалжарСтрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктестігінің құрылысшылары іргетасын қалаудан бастады.

Құрылыс жұмыстарына ауылдың тұрғындары да көмек қолын созуға ниет білдіріп отыр.

Жалпы, Темір ауданынан бөлек, өңірдегі Қобда, Әйтеке би, Ойыл, Мұғалжар аудандарында құрылыс қарқынды. Ырғыз ауданында жер учаскелерін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үйлердің қажетті құрылыс материалдары мен техникалары тасымалданып, қазіргі уақытта 36 құрылыс компаниясының жұмысшы бригадаларыжұмылдырылды. Бүгінгі күні 97 үйдің құрылысы басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу