Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді

1065

Ақтөбе облысының әкімі Түркістан облысына іс-сапары барысында Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма  театрдың  құрылыс жұмысымен танысты.

Ақтөбе облысы Түркістанға театр салып береді

 Аталған нысан Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі. 

4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда. 510 адамға арналған көрермен залы,арнайы автотұрақ орны болады.

Оңдасын Оразалин жауапты мердігер мекемеге драма театрды көпшілік игілігіне  дер кезінде берілуін, әрі құрылысының сапалы жүруін тапсырды.

Драма театрдың құрылысы осы жылдың маусым айында басталған, 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу