Ақтөбе облысы: Жол бойындағы нысандар ұлттық стандартқа сәйкестендірілмек

1132

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында сервистің 109 нысаны орналасқан. Оның ішінде 77 (72% пайыз) нысан ғана ұлттық стандартқа сәйкес келеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ақтөбе облысы: Жол бойындағы нысандар ұлттық стандартқа сәйкестендірілмек

"Жыл қорытындысы бойынша зәкірлік инвесторлар есебінен 2 бірдей жанар-жағармай стансасы (GasEnergy – 1 бірлік, QazaqOil – 1 бірлік) және жеке инвестициялар есебінен 3 бірдей санитарлық-гигиеналық торап орнатылады. 2025 жылдың соңына дейін 12 бірдей жанар-жағармай стансасы, сондай-ақ 15 санитарлық-гигиеналық тораптар орнату жоспарлануда",– дейді Индустрия және инфрақұрылымды дамыту бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Осылайша, 2025 жылға дейін өңірдегі барлық сервис нысандары ұлттық стандартқа сәйкес келтірілмек.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу