Ақтөбе облысына 1,3 триллион теңге инвестиция тартылады

372

Инвестициялық өсім 15,6 пайызға артады деген болжам бар.

Ақтөбе облысына 1,3 триллион теңге инвестиция тартылады Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Облыста құны 201 млрд теңге болатын 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, 800-ден астам жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өңірде жүзеге асырылатын ең ірі жобалардың бірі құны 110 млрд теңге болатын "ERG Capital Projects" ЖШС-ның "Хромтау 1" жел электр станциясы.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Оралбаевтың айтуынша,  2023 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 84,6 млрд теңгеге жеткен.18 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олардың іске қосылуының нәтижесінде 800-ден астам жұмыс орны құрылды.

"Өңірде іске қосылған маңызды және ірі инвестициялық жобалардың ішінде ERG компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатында 1973 жылдан бастап жиналған шламды қайта өңдеу фабрикасын атап өтуге болады. Жоба аймақтың экологиясына оң әсер етеді. Фабриканың іске қосылуының нәтижесінде 270-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаның жалпы құны— 7,4 миллиард теңге. Сондай-ақ осындай жобалардың қатарында құны 4,9 миллиард теңге болатын "Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты" серіктестігінің мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру зауыты және жалпы құны 726 миллион теңге болатын "Мұнайхим ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай-химия реагенттерін өндіру зауыты да бар. Бұдан басқа ірі өнеркәсіптік өндірушілер — "Ақтөбе мыс компаниясы", ERG, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" өз кәсіпорындарын жаңғыртуға 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Осы және басқа да маңызды жобалардың өңірдің дамуы үшін ықпалы зор", —деді Нұртуған Оралбаев.

"Ақтөбе" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Әуез Тайымбетов инвестициялық аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды.

"Қазірдің өзінде химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, ақпараттық технологиялар, қағаз және полиэтилен қалдықтарын өңдеу сияқты салаларда жалпы инвестиция көлемі 29,967 миллиард теңге болатын 15 жоба жүзеге асырылды. Құны 18,4 миллиард теңгені құрайтын қалған 11 жоба жыл соңына дейін іске қосылады. Нәтижесінде металлургия және мұнай-химия өнеркәсібінде, газ жабдықтарын шығару, тамақ қалдықтарын өңдеу саласында 737 жұмыс орны құрылады. Барлық 26 жоба іске қосылғанда жалпы инвестиция көлемі 48,3 миллиард теңге болады",— деп атап өтті ол.

"Қазхром" ТҰК" жыл соңына дейін 113 миллиард теңгенің инвестициялық жобаларын аяқтайтынын айтты. Бұл туралы АҚ президенті Сергей Прокопьев айтты. Жиын барысында баяндамашылар кейбір инвестициялық жобаларға жер телімдерін бөлу мәселесінің шешімі табылмай отырғандығын, соның салдарынан өндірісті іске қосу айтарлықтай кешеуілдеп жатқандарын айтты. Өңір басшысы жер мәселесін шешуге қолдау көрсетілетінін айтты.
Сонжай-ақ, облыс әкімдігі мен облыс прокуратурасы арасында инвесторларға арналған "Жасыл дәлізді" жүзеге асыру бойынша   меморандумға қол қойылды. Бұл келісім инвесторлар үшін тіркеуден бастап нысандарды іске қосуға дейінгі барлық қажетті рәсімдерден жедел әрі жеңіл өтуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу