Ақтөбе облысына да жаңа әкім тағайындалды

1126

Бүгін Түркістан облысының әкімі ауысқан болатын.

Ақтөбе облысына да жаңа әкім тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын", – деп жазылған Президент Жарлығында.

Айта кетсек, бұл орынға вице-премьер Ералы Тоғжановтан бөлек Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың да кандидатурасы қаралды. Депутаттар Ералы Тоғжановты лайық деп тапты.

Ақтөбе облысының бұған дейінгі әкімі Оңдасын Оразалин өңірді 2019 жылы ақпан айынан бері басқарды.

Ералы Тоғжановтың өмірбаяны: 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан.

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: "Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822-1868)".

1980 жылдан - Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы.

1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1983 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан - мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

1991 жылдан - Қазақстан Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.

1996 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999 жылдан - "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана).

2001 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы.

2008 жылдан - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

2017 жылдан - Маңғыстау облысының әкімі.

2019 жылдан - Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы.

2020 жылдың 11 ақпанынан бері - Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу