Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып жүрген Оңдасын Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
56 жастағы Оңдасын Оразалин кеше ғана еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың орнына келді.
"Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын", – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған елбасының жарлығында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу