Ақтөбе облысында "Мектепке жол" акциясы бастау алды

998

Ақтөбе облысында "Мектепке жол" акциясы бастау алды

Ақтөбе облысында "Мектепке жол" акциясы бастау алды. Бұл туралы Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Руслан Бегімбетов "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруларын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындауда ҚР білім және ғылым министрлігі "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізуде. Акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін барлық өңірде өтеді.

"Осы жылы акция "Менің таңдауым – балаларға көмек беру" деген ұранмен  өтпекші. Басты мақсаты – жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға, сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындалу үшін көмек көрсету. Бұдан өзге, акция кезінде оқумен қамтылмаған балаларды анықтап, балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалуын ескерту, сонымен қатар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсетілуі ықтимал. Осыған байланысты шағын аудандарды тексеріп шығу  бойынша рейд өтеді", - деп атап өтті Руслан Бегімбетов.

Ұйымдастырушылар акция арқылы қоғам мен халық назарын мектеп жасындағы барлық балалардың біліммен қамтылу мәселесіне, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек берілуіне аударуға ниетті.

2016 жылы ұйымдастырушылар, кәсіпкерлер, акционерлік қоғамдар мен меценаттар 27 004 балаға материалдық көмек көрсетті.

Жалпы алғанда, 2017 жылы 1 қыркүйекте 132 000 оқушы мектеп табалдырығын аттамақ, солардың ішінде 15 233-і – бірінші сынып оқушылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу