Ақтөбе облысында 1,5 мың жобаның 26 млрд теңгелік несиесі кейінге шегерілген

993

Бұл төтенше жағдай кезінде қиындыққа тап болған нысандарды қолдау мақсатында жасалған. 

Ақтөбе облысында 1,5 мың жобаның 26 млрд теңгелік несиесі кейінге шегерілген

Ақтөбе облысында  пандемияның шағын және орта бизнеске кері әсер етееніне қарамастан саладағы оң динамиканы сақтай алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде облыс басшысы Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Әкімнің айтуынша өңірдегі шағын және орта бизнестің үлесі 24%. Өткен бес айда 63 мың жаңа ШОБ субьектсі іске қосылған. Бұл 5,1%-ды құрайды, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 20%-ға жеткізу көзделген. 

"Жалпы облыста  өткен бес айда 1024 мың жоба  "Бизнестің жол картасы" жобасы аясында, "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша 12,7 млрд теңгеге 14 жоба, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 1,2 млрд теңгеге 227 жоба қоладу алды", – деді өңір басшысы. 

Бұған қоса 3,3 мың ШОБ нысанына мемлекеттік қолдау көзделген. Төтенше жағдай кезінде қиындыққа тап болған субьектлерге жәрдемдесу мақсатында 50 жобаға 35 млрд теңгелік жеңілдетілген несие беріліп, 1,5 мың жобаның  26  млрд теңгелік қарызы кейінге шегерілген. 

Құралай Құдайберген 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу