Ақтөбе облысында 1 гектардан 5,5 центнерден астық алынып жатыр

756

Ақтөбе облысында биыл 429 мың гектарға астық егілген. Әзірге оның 323 мың гектар аумағы орылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Диапазонға" сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 1 гектардан 5,5 центнерден астық алынып жатыр

Қазір облыстың Әйтеке би, Мәртөк, Қарғалы және Хромтау аудандарында күзгі орым науқаны қызып жатыр. Аталған аудандардан 179 мың тонна астық жиналды, бұл жалпы егін аумағының 70 пайызы. 

Ал Қобда, Мұғалжар, Темір, Ойыл аудандарында жиым-терім жұмыстары аяқталған.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиевтің айтуынша, Әйтеке би ауданында қатарынан екінші жыл астық түсімі төмен, құрғақшылық салдарынан әр гектардан түскен астық көлемі 3,5 центнерден аспай отыр. 

Әкімдік өкілінің сөзінен түсінгеніміз, құрғақшылық бидай бағасына да әсер еткен, бидайдың құны өскен. Егер өткен жылы бір тоннасы 80-95 мың теңге болса, ал бұл жылы 103-105 мың теңгеден. 

"Біздің бидай ұн мен нан жасауға жарамды. Өткен жылы кәсіпкерлер Иран, Ауғанстан, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарында саудалады. Бұл жылы астық әзірге экспортталмайды, кәсіпкерлерден әуелі ішкі нарықты қанағаттандыру сұралып отыр" – дейді Асылхан Әбтиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу