27 тамызда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында 10 жастағы қыз көлікте тірідей өртеніп кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу