Ақтөбе облысында 100 миллион еуроға ЖЭС салынады

1512

Нысанның құрылысын биылғы жылдың төртінші тоқсанында бастап, 2019 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.

 Ақтөбе облысында 100 миллион еуроға ЖЭС салынады

Ақтөбе облысында ЭКСПО-2017 технологиясы бойынша жел электр станциясы салынады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының аумағында бес трансұлттық корпорация өнеркəсіптің түрлі салаларында жұмыс істейді. Енді тағы екі ірі инвестор: ENI және GeneralElectric Қарғалы ауданында ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жаңартылатын энергия көздері технологияларын пайдалана отырып, қуаттылығы 48 МВт жел электр станциясын салады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен "ArmWind" компаниясының директоры Абрамо Фердинандо бизнес-кеңестің отырысында тиісті меморандумға қол қойды.

Инвестиция көлемі шамамен 100 миллион еуро. Нысанның құрылысын биылғы жылдың төртінші тоқсанында бастап, 2019 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 300 жұмыс орны құрылады.  

Өңір әкімі Бердібек Сапарбаевтің айтуынша, жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 85 млрд теңгеге 42 компания жаңғыртылуы керек.

Сондай-ақ, кездесу аясында "Желэнерго" ЖШС-мен Мәртөк ауданында жел электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу