Ақтөбе облысында 105 тұрғын алдын ала эвакуацияланды

456

Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі әлі де бар.  

Ақтөбе облысында 105 тұрғын алдын ала эвакуацияланды Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бір тәулік ішінде Байғанин, Қобда, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында инертті материал салынған қаптармен тасқын судың жолын бөгеді. 10 000-нан астам қап төселді, 30 000-ға жуық текше метр су сорылды.

Жалпы, су тасқыны басталғаннан бері Ақтөбе облысы бойынша 390 000-нан астам текше метр су сорылды. 26,1 шақырым арық тазартылды. 24 000-нан астам қап төселді, ұзындығы 175 метр уақытша бөгет салынды. Ұзындығы 500 метр жағалауды нығайту жұмысы жүргізілді. Облыс бойынша елді мекендерден шамамен 525 000-ға жуық текше метр қар шығарылды. Ақтөбе қаласында "Сая" тұрғын алабының жоғарғы жағында және Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында 200 метр су бұру каналы қазылды.

"Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында 51 тұрғын үйден су сору жұмысы жалғасып жатыр. Бұған дейін эвакуацияланған 74 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 230 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды", - делінген хабарламада.

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

"Жедел желі" телефонына 116 қоңырау түсті.

Қазіргі уақытта Ойыл өзеніндегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп, гидропосттар қойылды. Кеше Ойыл ауданының Екпетал және Қаратал ауылынан 105 тұрғын алдын ала эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу