Ақтөбе облысында 107 кооператив құрылды

687

Ақтөбе облысында 107 кооператив құрылды

Өткен жылы Ақтөбе облысында 72 ауыл шаруашылығы коопреативі құрылса, қазір ұжымдасқандар саны 100-ден асып жығылады. Оның жартысынан көбі ет өңдеумен айналысса, 13 кооператив сүт өндіруді қолға алған. Қалғаны түрлі бағытта жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Құрылған кооперативтерге қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін арнайы лизинг беріліп жатыр, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұдан бөлек, 6%-дық өсіммен 18 млн теңге шағын несие бөлінген. Ауыл шаруашылығы министрлігі құрған арнайы топ Ақтөбе өңірін аралап, кооперативтерді қолдаудың мемлекеттік тетіктерін түсіндіріп жүр. Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес аймақта атқарылатын жұмыстар сараланбақ. Астаналық мамандар бірнеше шаруашылық кооперативін аралап, қожалық жетекшілерімен кездесті. Жалпы, болашақта өңірде бау-бақша және ара шаруашылығымен айналысатындар санын көбейту жоспарда бар.

"Сүт бойынша бізде қазір мемлекет қарастырып жатқан жаңадан субсидия бар. Көбінде 10 теңге бір литріне субсидия қаралған. Егер сүтті салқындатып, танкерде жинайтын болса, осы танкерді сатып алған кезде біз жарты бағасын қайтарамыз", – деді ҚР АШМ департамент директорының орынбасары Берік Нигмашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу