Жол-көлік оқиғаларының едәуір бөлігі елдімекендерде (370), республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда (109) орын алады, онда жалпы 55 адам қаза тауып, 162 адам жарақат алған.
Ақтөбе облысының аумағында 2020 жылғы 09-28 қараша аралығында қайғылы оқиғаға әкеп соққан жол-көлік оқиғаларының 15 фактісі анықталып, нәтижесінде 16 адам қаза тапты.
"Бұл көлік құралдарын жүргізушілердің метеорологиялық және жол жағдайларын ескермейтіндігін, қарсы қозғалыс жолақтарына шығатындығын, қозғалыс қауіпсіздігіне мән берместен басып озу маневрін жасайтындығын көрсетеді", – деп атап өтті Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығы Атығай Арыстанов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу