Ақтөбе облысында 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшірілді

1088

Өңірде 489 баладан індет анықталған.

Ақтөбе облысында 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшірілді

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша 2021 жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында облыс бойынша мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус инфекциясының 489 жағдайы тіркелген.

"Оның ішінде Ақтөбе қаласында - 362, облыс аудандарында 127 бала ауырып жатыр. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы анықталған 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшіріліп, үй карантиніне оқшауланды. Облыста карантинге жабылған ауысымдар мен мектептер жоқ. Осы жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында педагогтар арасында індет жұқтырғандар саны 53-ке жетті. Облыста мұғалімдер мен оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сонымен бірге барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау туралы қатаң талап сақталады", - деді Руслан Хамбаров

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу