Ақтөбе облысында 146 елдімекеннің тарихи атауы қайтарылған

813

"Туған жер" жобасы аясында Мәртөк, Қобда, Қарғалы және Әйтеке би аудандарында "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбына іс-шаралар жүргізілуде.

Ақтөбе облысында 146 елдімекеннің тарихи атауы қайтарылған

Тәуелсіздік алғалы Ақтөбе облысында 146 елдімекеннің тарихи атауы қайтарылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Республиканың белгілі саясаткерлерінің, жергілікті белсенділердің, өлкетанушылар мен тұрғындардың қатысуымен "Туған жер" жобасы аясында Мәртөк, Қобда, Қарғалы және Әйтеке би аудандарында "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбына іс-шаралар жүргізілуде. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева хабарлады.

"Жоба қазақ халқының мұрасын сақтау идеяларын талқылауды, ономастика саласындағы тіл саясатын түсіндіруді көздейді, сол сияқты, идеологиялық жағынан ескірген атауларға анықтамаға беруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті спикер.

 Гүлайым Төлебаеваның айтуынша облыстың топономиялық сөздігі жүргізілетін "Мекенжай тізілімі" ақпараттық жүйесінде облыстық маңыздағы 1 қала, аудандық маңыздағы 7 қала, 141 ауылдық округ, 393 елді-мекен, 2912 көше тіркелген. Осылайша, ауылдық округтер атауларының 95%, елді-мекендер атауларының - 93 %-ы, көшелердің 91%-ы ұлттық сәйкестікке жауап береді. Ескірген атаулардың үлестік салмағы 2-ден 4,5 %-ға дейін ауытқиды.

Тәуелсіздің жылдары 146 елдімекеннің ежелгі атаулары қайтарылды, әсіресе, ұлттық дәстүрлі атаулар (Қарабұлақ, Көкпекті, Қаратоғай, Құмсай, Аққайын, Бөзтөбе, Ақжайық, Сарыбұлақ т.с.с.) саны артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу