Ақтөбе облысында 148 жасөспірім полицияға жеткізілді

1044

Ақтөбе облысының полицейлері “Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. 

Ақтөбе облысында 148 жасөспірім полицияға жеткізілді

Ақтөбе облысында полицияға 148 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 11-14 ақпан аралығында “Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Осы күндері полиция бөлімдеріне 148 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін сыртта жүрген 138 жасөспірім бар.

"Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 13 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ювеналды полиция инспекторлары 24 жасөспірім мен 19 қолайсыз отбасын есепке алды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 28 материал жолданды. Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер кәмелетке толмаған баладан бір пышақ тәркіледі", – деп жазылған ақпарат көзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу