Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, өңірдегі негізгі мәселе — ата-аналардың екпеден бас тартуы. Олардың 74,7 %-ы діни көзқарасына байланысты екпеден бас тартқан. Жалпы мұндай жағдай аймақта алғаш рет 2005 жылы тіркеліпті. 2005 жылы 11 баланың ата-анасы екпеден бас тартса, 2012 жылы — 708, 2014 жылы — 1589, ал 2016 жылы 2538 бала тіркелген. Жалпы алғанда соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 10 есе көбейген. Қазіргі таңда облыс бойынша екпе алмаған 2538 бала тіркеуде тұр. Оның ішінде туылғаннан бері бірде-бір рет егілмеген бала саны — 1534. Басқарма басшысы осы мәселелерді шешу үшін аудандарда арнайы штат ашылғанын айтты. Олар ата-аналарға екпенің пайдасын түсіндіріп, пікірін өзгерту үшін жұмыс істейді. Жалпы ата-аналардың 74,7 %-ы діни көзқарасына байланысты екпеден бас тартқан. Оның ішінде жас ата-аналар көп.