Ақтөбе облысында 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылады

771

Ақтөбе облысында 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылады

2018-2019 жылдары Ақтөбе облысында 6,4 млрд теңге сомасына 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дастан Аманов айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 6 270 км құрайды. Ақтөбе облысындағы 374 елдімекеннің 115-не газ тартылған, оларда 752 мыңнан астам адам тұрады.
"2018 жылы жалпы сомасы 483,2 млн теңге болатын 3 ауыспалы жобаны, оның ішінде, Әйтеке би ауданының Аралтөбе ауылына газ жеткізу құбырының, Әйтеке би ауданының Аралтөбе ауылындағы кентішілік газ құбырының және Хромтау ауданының Жазық ауылындағы Әйтеке би ауданының Аралтөбе ауылына кентішілік газ құбырының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Екі жыл ішінде жалпы сметалық құны 6,4 млрд теңге болатын 19 газбен жабдықтау жобасы іске асырылатын болады", - деді Дастан Аманов.

Олардың арасында Әйтеке би, Алға, Байғанин, Ойыл, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Қобда аудандарының ауылдарына газ жеткізу және кентішілік құбырлар құрылыстары бар. 14 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оларды пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындарды газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету 89% құрайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды табиғи газға көшіру жөнінде де шаралар алынуда. Бүгінгі таңда 38 әлеуметтік нысанның 28-і газға ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу