Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, қаза тапты

664

Қайғылы оқиға таяуда болған.  

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, қаза тапты Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, оның мәйіті 22 маусым күні Мәртөк ауданындағы Ақмоласай ауылы маңындағы далада табылған.

"19 жастағы жігіттің мәйітінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның өліміне электр тогының әсері, яғни найзағайдың түсуі себеп болған", – деп хабарлады полиция.

Төтенше жағдайлар министрлігі найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда ашық жерде жүрмеу, жеке тұрған ағаштардың астына паналамау және қауіпсіз ғимараттарда болу қажеттігі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу