Ақтөбе облысында 9 жасар қыз бен ер адам құдыққа түсіп мерт болды

476

Жарлы ауылында 17 маусымда бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 10 метр құдыққа құлап кеткен. 

Ақтөбе облысында 9 жасар қыз бен ер адам құдыққа түсіп мерт болды Фото: gov.kz

Баланы құтқару үшін артынан тағы бір адам түскен, алайда қайта шыға алмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, аман алып қалу мүмкін болмады", – деді Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Бұл оқиға бойынша тексеріс басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу