Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

1251

Соның салдарынан жолаушылар пойызы кешіккен.  

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан темір жол стансасында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Жолдан шыққан цистерналардың ішінен 13-і аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі зақымданған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан "Атырау-Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызы кешігуіне кешіккен. Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. 

 "Бұл жұмыстарға ТЖД (9 қызметкер және 3 техника) және АПБ (2 қызметкер және 1 техника), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. "ҚТЖ" АҚ (2 қалпына келтіру пойызы және 49 қызметкер), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан (2 өрт сөндіру пойызы 16 қызметкер), ЖАО (3 қызметкер және 2 техника) жұмылдырылды" деп хабарлайды ТЖМ ресми өкілі .

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу