Ақтөбе облысында 26,6 млн теңгенің әкімшілік айыппұлына рақымшылық жасалды

196

Айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылды.  

Ақтөбе облысында 26,6 млн теңгенің әкімшілік айыппұлына рақымшылық жасалды Фото: ЖИ

Ақтөбе облысында 26,6 млн теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша рақымшылықты қолдану тәртібі түсіндірілді.

2026 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты бірқатар әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық қолданылады.

Рақымшылық азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және жекеше практикамен айналысатын адамдарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары салған бірқатар әкімшілік айыппұлдарды қамтиды.

Рақымшылыққа жататын айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылады. Сондықтан азаматтарға өтініш берудің немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аумақтық басқармалары 250 әкімшілік материал бойынша рақымшылық жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу