Биыл Ақтөбе облысында орта арнаулы және жоғары оқу орындарының 29 студенті мен 27 мектеп оқушысынан туберкулез белгілері анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Эпидемиологтар Ақтөбеде туберкулезге шалдыққандар саны жыл сайын азайып келе жатқанын айтты. Биыл ауру көрсеткіші 12,1 пайызға: балалар арасында – 39,3, жасөспірімдер арасында 21,7 пайызға төмендеген.
"Биыл орта және жоғары оқу орындарының студенттері арасында – 29, мектеп оқушылары арасында 27 жағдай тіркелді. Сауықтыру мақсатында барлық ауданда арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін 121 мыңнан астам манту сынамасы берілді. Жаңа туған – 17 447 бала, 10 мыңға жуық 1 сынып оқушысы БЦЖ екпесін алды", – деді Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.