Ақтөбе облысында 34 көл-тауарлы шаруашылығын құру жоспарланып отыр

948

Ақтөбе облысында өңірде жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың қуатын кеңейту, тұқы, бекіре, албырт балық түрлерін өсіру бойынша 34 көл-тауарлы, 8 тор, 1 тоған шаруашылығын құру жоспарланып отыр.   

Ақтөбе облысында 34 көл-тауарлы шаруашылығын құру жоспарланып отыр

Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов облыстың балық шаруашылығы субъектілерімен және әлеуетті инвесторларымен кездесіп, олармен өңірде балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында ведомство басшысы мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде субсидиялау, балық өсірумен айналысатын субъектілер үшін жасалған жағдайлар және заңнаманы жетілдіру туралы хабардар етті.

Комитет төрағасы жайын балықтарын өсіретін "Мұрагер 22" ЖШС жабық сумен қамтамасыз ету қондырғысын пайдаланатын балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты, "Ардағым" ШҚ, "Асыл бахтах" ШҚ тоған шаруашылықтарына, сондай-ақ торлы шаруашылықтар құру жоспарланған бірқатар су қоймаларына барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу