Ақтөбе облысында 4-сынып оқушысы өгей әкесінен зорлық көрген

1442

Бала қазір интернатқа орналастырылды.

Ақтөбе облысында 4-сынып оқушысы өгей әкесінен зорлық көрген

Ақтөбе облысының шалғай ауылдарының бірінде 4-сынып оқушысына қатысты жантүршігерлік жағдай прокуратураның бақылауына алынды, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Оқушының денсаулығы сыр бергенін алдымен мектеп директоры біліп, дәрігерге қаратады.

"13 наурыз күні бала жүре алмай қалған. Қыз бала мектеп директорының үйінде жатып оқитын еді. Сол жерге барып баланы қарадым. Ол қыз бала екі күн бойы шабының ауыратынын айтып жүрген. Ойыма жаман нәрсе келмеді. Бойы өсіп жатқан шығар деп болжадым. Бірақ баланы ауылға апарып, дәрігерге көрсетулерін сұрадым. Себебі бала басқа шағым айтпады. Зорлық жағдайының болғанын кейін естідім", – дейді ауылдық округ медбикесі Ырысжан Алдасүгірова.

Өгей әкесінен бірнеше жыл бойы зорлық көрген 4-сынып оқушысы қазір сабағына барып жүр.

"Тергеу құпиялығына қатысты біз көп нәрсені айта алмаймыз. Баланың жағдайы тұрақты, интернатқа орналастырылды. Баламен өзім кездесіп, жағдайымен таныстым. Барлық жағдай бақылауда", – деді аудан прокуроры Нұрлан Қалдығожин.

Баланың өгей әкесі – 41 жаста, анасы 32 жастағы келіншек. Баланың анасы үш баласымен бірінші жолдасынан ажырасып, екінші рет тұрмысқа шыққан. Екінші күйеуінен кішкентай бір баласы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу