Ақтөбе облысында 4 жасар бала қар суына құлап қаза болды

320

Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап, мерт болды.  

Ақтөбе облысында 4 жасар бала қар суына құлап қаза болды Фото: gov.kz

Қайғылы оқиға Байғанин ауданындағы Ебейті ауылында 23 наурызда күндіз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, бала небәрі 12-15 сантиметр тереңдіктегі суға құлап, тұншығып қалған.

Аудан әкімдігі мәліметінше, еріген қар суы маңында екі бала ойнап жүрген. Судың тереңдігі небәрі 12-15 сантиметр болған, оған 4 жасар бала құлап, тұншығып қалған. Оны құтқару мүмкін болмаған.

Оның жанында тағы бір бала болған, ол аман-есен екені айтылды.

Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров көктемгі су тасқынына қатысты жиында балалар қауіпсіздігі мәселесін көтерді.

 "Халық жиі пайдаланатын өткелдерді су басқан жағдайларда, ешкім өз өмірі мен көлігіне қауіп төндірмеуі үшін сол жерлерде кезекшілікті ұйымдастыру қажет. Жазатайым оқиға Байғанин ауданы Ебейті ауылында орын алды. Ойнап жүрген бала, жиналған қар суына аяғы батып, қайтыс болды. Мұндай жағдайларға жол бермеу керек. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуға тиіс, сондықтан аудан әкімдеріне халықпен және барлық мемлекеттік органдармен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды назардан тыс қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, кез-келген жағдай туралы маған дереу баяндауды тапсырамын", - деді облыс әкімі А.Шахаров аудан басшыларына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу