Ақтөбе облысында 40 мың гектар алқап өңделеді

831

Шара шалғын көбелегінің жұлдызқұртына қарсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 40 мың гектар алқап өңделеді

Зиянкестерге қарсы шараны пысықтаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин жауапты тұлғаларға: "Саябақтарды, гүл бақтарын, тұрғын үй алаптарын, орман және шаруа қожалықтарын өңдеңіздер", – деп тапсырма берді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетовтың сөзінше, шалғынды көбелектің жаппай өршуі 8-10 жыл аралығында қайталанады. Елдің батыс өңірлерінде зиянкестер 3 ұрпаққа дейін көбейе береді. 

"7 тамыздан бері шалғын көбелегінің үшінші ұрпағы жаппай көбейіп жатыр. Жұлдызқұрттың пайда болу кезеңі тамыз айының соңы, қыркүйек айының басы болу мүмкін", – деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуді өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 
"Зиянкестерге қарсы инсектицидтерді қолданған ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне дәрі-дәрмектің 50%-ға дейін төмендетілген құнына субсидия беріледі", – деді Исатай Еспағамбетов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу