Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады

149

Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. 

Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады Фото: Sputnik / Александр Кряжев

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаның инвесторы – "Кока-Кола Алматы Боттлерс" БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды. 

Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Жобаны жүзеге асыру өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу