Ақтөбе облысында 42,5 мың теңгеден аз айлық алатын 77 мың адам бар

955

Ақтөбе облысында  42,5 мың теңгеден аз айлық алатын 77 мың адам бар

Ақтөбе облысының билігі "Кедергісіз бизнес" жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның нәтижесі ШОБ өндірісінің 31,6%-дық рекордтық өсімі болды. Бұл туралы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Осы жылдың екі тоқсаны ішінде 371,5 млрд теңгеге тауарлар мен өнім өндірілді, 2017 жылдың осындай кезеңінде 282,3  млрд теңгеге өндірілген болатын.

Құрылыста жұмыс көлемі 6,5%-ға өскен, жыл басынан бері шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл қорытындысы бойынша 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарда бар.

Экономика өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8% -дан 4,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 18,5 мың жұмыс орны құрылды.

Экономика өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8% -дан 4,7%-ға дейін төмендетугемүмкіндік берді. 18,5 мың жұмыс орны құрылды.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ, президенттің ең төменгі еңбекақыны көтеру туралы тапсырмасын тиімді орындау үшін облыста экономиканың барлық секторларындағы еңбекақыға қатысты қалыптасқан жағдайды сараптайтын арнайы топ құрылғанын айтты.

"Нәтижесінде бүгінде 42 500 теңгеден аз айлық алатын 77 мың адам анықталды. Олардың еңбекақылары 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерілетін болады. Мәселен, білім беру саласында 25 мыңнан астам қызметкердің еңбекақысы орташа алғанда  48,6 мың теңгеге дейін көтеріледі деп күтіліп отыр", - деді сөзін түйіндеген облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу