Ақтөбе облысында 5 браконьер ұсталды

577

25 қазанда Ақтөбе облысының Қобда және Байғанин аудандарының аумағында полицейлер "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақтөбе облысында 5 браконьер ұсталды Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Нәтижесінде 27 киік өлексесі мен қару-жарақ тәркіленді.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі тәркіленген заттай айғақтар бойынша сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Ұсталған бес адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу