Ақтөбе облысында 52 адамның өртенуіне кінәлі тұлғаларға сот үкімі шықты

1067

Қылмыстық іс 52 томнан тұрады, 100-ден астам адам жәбірленуші ретінде тіркелген.

Ақтөбе облысында 52 адамның өртенуіне кінәлі тұлғаларға сот үкімі шықты

Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кетуіне кінәлі тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Шымкенттегі "Азия транзит" ЖШС-нің құрылтайшысы Нұрлыбек Тілепбаев 3 жыл 6 айға, автопарк механигі Бахадүр Пердебаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.  

Өртенген автобусты жүргізген Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовты 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Жүргізушілер 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. 

Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына 2 миллион теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттелді. 

Естеріңізге салайық, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болған еді, барлығы Өзбекстан азаматы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу