Биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген "Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка" жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалған. Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.
Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген.
Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу