Ақтөбе облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

1285

Екінші деңгейлі банктер арасында несие беруде "Центр Кредит Банкі" алда тұр, оларға барлық тұрғын үй несиелерінің 67%-ы тиесілі.

Ақтөбе облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды

Ақтөбе облысында "7-20-25" бағдарламасы бойынша 202 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі

"Біздің облыста екінші деңгейдегі банктер 3079,0 млн теңгеге 364 өтінім қабылдады. Оның 202-сі қазір 1776,0 млн теңгеге мақұлданып отыр. "Центр Кредит Банкі" екінші деңгейлі банктер арасында несие беруде көш бастап тұр, оларға барлық тұрғын үй несиелерінің 67% берілді", – деді  Ұшқын Мынбаев БАҚ өкілдеріне.

Естеріңізге сала кетейік, "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасының негізгі талаптары: жеке меншікте тұрғын үйдің болмауы, төлем қабілеттілігін растау, тұрғын үйдің жалпы құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарнасының болуы.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдеріне аталған бағдарлама аясында сатылатын пәтерлер көрсетілді, сондай-ақ, Ақтөбенің жылжымайтын мүлік нарығындағы жаңа өнім ұсынылды: бірінші кезекте қажет ететін тұрмыстық техникасы бар толықтай жиһаздалған пәтерлер,

Сондай-ақ, Ақтөбеде көп қабатты коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысымен 25 компания айналысатыны атап өтілді. Негізгі құрылыс жұмыстары "Батыс 2" тұрғын алабында жүргізіледі.

Тұрғын үйдің әр шаршы метрінің құны коммерциялық тұрғын үйлердің қабатына байланысты 140 000 – 160 000 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу