Ақтөбе облысында 76 дәрігердің орны бос тұр

748

Ақтөбе облысында 76 дәрігердің орны бос тұр

Биыл ауыл-аудандарды медицина қызметкерімен қамтамасыз ету 4 пайызға өскеннің өзінде кадр тапшылығы бар, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтөбе облысында қазіргі таңда 10 мың тұрғынға шаққанда 33 дәрігер қызмет етіп жатыр. Яғни республика бойынша төртінші орында тұр. Өңірдегі маман тапшылығын жою мақсатында денсаулық сақтау басқармасы мен өңірдегі медицина университеті арасында келісімшарт жасалған. Одан бөлек әр аудан "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жас маманға жағдай жасауға тиіс. Яғни жергілікті билік ынталандыру шараларын ұйымдастыру арқылы ауыл емханаларына маман тартады.

Өткен жылы аудандар мен қалада дәрігерлерге 16 пәтер берілген.

Жалпы өңірде 4 мың 800 дәрігер мен 7 мың 600 орта медицина қызметкері бар. 

"Аудандарға дәрігерлерді жұмысқа орналастырып отырамыз. Анестезиолог дәрігер жетіспейді. Педиатр, терапевт, акушер-гинеколог дәрігерлер жетіспейді. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 142 жас дәрігер аудан, елді мекендерге жұмысқа орналасуға ниет білдіріп отыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлбаршын Есенбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу