Ақтөбе облысында 90 шақырымдық кептеліс пайда болды

291

Облыс орталығы мен Қарабұтақ ауылына дейінгі аралықта 2500 жүк көлігі тұр.  

Ақтөбе облысында 90 шақырымдық кептеліс пайда болды Фото: Inbusiness.kz

Өңірде бір аптаға созылған бораннан кейін де жол қозғалысы қалыпқа келер емес, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгін 4 бағыттағы жол учаскесі жабылды. Жол бойындағы елді мекендер мен  кемпингтердің аумағы жүк көліктеріне толған. Жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар жолды қардан тазартып, инертті материалдар сеуіп өткен еді. Алайда, өңірде кешелі бері қар аралас жаңбыр жауып, жағдайды қиындатып жіберді.

"Бірнеше күннен бері көліктер әзер қозғалып жатыр. Кеше ұзындығы 80-90 шақырымға жеткен. Қазір 50-60 шақырымға азайды. Қазір міне, сулы қар жауып тұр. Сол себепті барлық участок бойынша көктайғақ бар. Көп жерлерде үлкен жүк көліктері қиналып жүріп жатыр. 50 шақты көлік бұзылып, бірнеше күннен бері жол жиегінде тұр. Оларға да барып, қандай көмек керегін сұрап, мүмкіндігінше көмектесіп жатырмыз", - дейді "Қазавтожол" ҰК, Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Айбол Данағұл.

Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазавтожол" мекемесінің өкілдері  әзірге "Самара-Шымкент" автожолы бағытында алыс жолға шықпауға кеңес беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу