Ақтөбе облысында ақбөкенді заңсыз атқандар ұсталды

141

Ұсталғандардың бірінің гаражынан ақбөкеннің 8 ұшасы, ақбөкеннің 6 мүйізі, ал УАЗ көлігінен тағы бір ұшасы табылды. 

Ақтөбе облысында ақбөкенді заңсыз атқандар ұсталды Фото: polisia.kz

2 желтоқсанда Ақтөбе қаласында "Ақбөкен" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде өткізілген тексеріс барысында полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Көліктің жүксалғышынан екі қап ақбөкен өлексесі табылды.

Осыдан кейін Шалқар қаласында жедел тергеу шаралары аясында өзінің гаражында ақбөкеннің етін бөлшектеп жатқан кезінде үш жергілікті тұрғын ұсталды. 

Күдіктілердің екеуі ашық жерде жайылып жүрген ақбөкендерді ату мақсатында Урал мотоциклмен далалыққа шығып жүрген. Олар жануарларды Шалқар қаласының тұрғындарына сатпақшы болғаны анықталды.

Ұсталғандар 11 ақбөкенді атып алған. Олар бір ұшаны 35 мың теңгеге сатқан.  Ақбөкендерді заңсыз аулау және жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу