Ақтөбе облысының ең көне басылымы - "Актюбинский вестник" газеті өзінің 100 жылдық мерейтойын тойлауда. Осы жылдардың ішінде облыстық қоғамдық-саяси газет өзінің атауын, таралымы мен дизайнын сан мәрте өзгертті. Бүгінде редакцияда 22 адам еңбек етеді, олардың оны – журналистер, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Бірнеше ғасыр бойы "Актюбинский вестник" газетінің өз ғимараты болмады. Мерейтой жылы бұл мәселе шешімін тапты. 30 қараша, жұма күні облыстағы тұңғыш Баспасөз үйі салтанатты түрде ашылды. Енді мұнда облыстағы екі басты басылым - "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттері орналасады.
Басылым ұжымдарын қуаныштарымен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та құттықтады.
"Сіздерді ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және еліміздің тарихындағы алғашқы газеттердің бірі – "Актюбинский вестник" газетінің 100 жылдығымен құттықтаймын! Газет осы уақыт ішінде біздің жалпы тарихымыздың түрлі сәттерін халықпен бірге өткерді. Құлдырау, ашаршылық, соғыс жылдары сынды қиын-қыстауларға қарамастан шыға берді. Бұл мерейтой – газет ұжымы үшін де, бүкіл облыс үшін де үлкен, асылында атаулы күн. Газеттің 100 жылдығын мерекелеу аясында облыс тарихында бірінші рет "Баспасөз үйін" ашқанымыз қуантады. Бұл біздің өңірдегі журналистика мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына жаңа шабыт беретініне сенімдімін",- деді Бердібек Сапарбаев.
Баспасөз үйінің ашылуына байланысты өткен салтанатты шараға сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстандағы атақты қоғам қайраткерлер мен журналистер – Ғаділбек Шалахметов, Қайнар Олжай, Нұртілеу Иманғалиұлы мен т.б., облыстық газеттердің редакторлары, ардагерлер мен газеттің бұрынғы қызметкерлері қатысты.
Қонақтар алаңы шамамен 6,8 мың шаршы метр болатын Баспасөз үйінің төрт қабатты кең әрі жарық ғимаратын аралады. Бүгінде мұнда баспахана мен "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттері мен олардың сайттарының, "Ақтөбе", "Адырна", "Үш таған" журналдарының, "АқтөбеМедиа.kz" медиа порталының, "Akotbenews"ақпараттық сайтының меншік иесі "Актөбе медиа" ЖШС орналасқан.
Бұдан басқа, Баспасөз үйінде бұқаралық ақпарат құралдарының мұражайы, кітапхана, белгілі журналист Гүлназ Әлімгерейдің онлайн-студиясы мен авторлық медиа мектебі ашылған.