Пойыз Самараға қарай бағыт алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір стансасында жолаушылар пойызы мен маневр тепловозы соқтығысқан болатын. Таңғы сағат 10:20-да тоқтаған пойыз қайта жолға шықты. Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкек-Самара бағытындағы пойыз сағат 16:00-ден кейін аттанды.
"Аталған оқиға Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне алынды. Іс Қылмыстық Кодекстің 344-бабы 1-бөлігімен қозғалды, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді", - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.