""Ashyq" Көшбасшы" мәртебесі бар нысандарға сағат 00.00-ге дейін, ал "Ashyq" жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдыне алу жөніндегі карантин шараларын күшейту туралы" Ақтөбе облысының бас санитариялық дәрігерінің 30 маусымдағы қаулысының қосымшасындағы 12, 14, 15, 19, 23, 24, 25, 27, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 38, 39, 40, 41, 45, 46, 47, 51 тармақтарындағы "Ashyq" жобасына қатысатын нысандар "сағат 17.00 дейін" және "сағат 20.00 дейін" деген сөздер "сағат 22.00 дейін" деп өзгертілсін", – делінген қаулыда.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
Аян Бекенұлы