Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Терісаққан ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абай көшесіндегі үйде болған өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті "Ауыл құтқарушылары" жобасы аясында жұмыс істейтін Терісаққан өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері дер кезінде оқшаулап, толық сөндірді.
Құтқарушылар жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу