Ақтөбе облысында автобус өртеніп 52 адам мерт болды

1350

Ақтөбе облысында автобус өртеніп 52 адам мерт болды

 

Хабарымызды оқыс жаңалықтан бастаймыз. Ақтөбе облысында автобус отқа оранып, онда болған  52 адам  көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы жағдай сағат 10:30-да, Самара – Шымкент тас жолының Ырғыз ауданынына қарасты Қалыбай ауылы маңында болған. Отқа оранған "Икарус" маркалы автобус ішіндегілердің көбі Өзбекстанның азаматтары екендігі анықталып отыр. 5 жолаушы жанған көліктен шығып үлгерген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, жедел жәрдем және полиция қызметкерлері сондай-ақ арнайы техникалар жұмыс жасауда. Жергілікті басшылық жедел штаб құрып мәселенің мән-жайын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу