Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген

213

Сот жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген Фото: canva.com

23 шілдеде басталған "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарғалы ауданында полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлік құралын басқарған ПАЗ автобус жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізуші ЖШС жұмысшыларын тасымалдауды жүзеге асырған. Сот жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Сонымен қатар "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл негізінен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін бұзу, техникалық байқаудың болмауы.

Естеріңізге сала кетейік, облыста "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы 2024 жылдың 28 шілдесіне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу