Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, өртсөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген.
"Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштерімен өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
"Жол көлігінде төтенше жағдай шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!" - деп кеңес берді құтқарушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу