Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 240 млн теңге жымқырған

174

Бұл қаражат ешқандай негізсіз есепшінің, балабақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған.

Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 240 млн теңге жымқырған Фото: canva.com

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бюджет қаражаты жұмысшыларға қосымша сыйақы беруде бюджеттік өтінімдерді негізсіз жоғарылату арқылы иемделген. Бақылаусыз өзгерістер енгізіліп, оның ішінде басшыларға сыйақы беру туралы бұйрықтарға сомаларды асыра көтерген. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырылған", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Аудан прокуратураларымен аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 балабақша меңгерушілері мен 4 есепшілеріне қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық көрсетілген факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу