Ақтөбе облысында екі балаға бұрыш баллонын шашқан жасөспірім уақытша қамау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Балаларға қарсы газ құтысын қолдану фактісі бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салайық, оқиға 6 шілдеде болған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш баллонын сепкенін көруге болады.
Сондай-ақ видеода күдікті “1488” деген сандарды атаған. Аталған сандар неонацистер мен ұлтшылдардың құпия ұраны болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу