Ақтөбе облысында баланы түлкі тістеп алды: Ауылда карантин енгізіледі

425

Жыртқыштың құтыру індетіне шалдыққаны анықталды.

Ақтөбе облысында баланы түлкі тістеп алды: Ауылда карантин енгізіледі Фото: google.com

Ақтөбе облысында 4 жасар ұл баланы түлкі тістеп алды. Шаруа қожалығында карантин енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz. 

Оқиға Жаманкөл ауылында болған. Зардап шеккен баланың әкесінің жақын маңда шаруа қожалығы бар. 4 шілде күні бала отбасымен бірге өзенге шомылуға барған. Сол уақытта түлкі ұлдың аяғына жармасқан.  

Түлкі ұсталып, өлтірілді. Зерттеу нәтижесі жыртқыштың құтыру індетіне шалдыққанын көрсеткен.

Жарақат алған бала Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді. Бүгінгі таңда оның жағдайы жақсы, ол үйіне жіберілген. Алайда ұл бала құтыруға қарсы екпе алып жатыр. Ем курсы 28 күнге созылады. 

"Шаруа қожалығында 21 күн карантин енгізіледі. Ауылдан мал әкетуге және әкелуге тыйым салынады. Бұдан бөлек ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді әкетуге болмайды", - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу