Ақтөбе облысында балық жаппай қырылып, мамандар судан сынама алды

282

Ыбалықрғыз ауданындағы Бірсуат өзенінің арнасында балықтардың жаппай қырылуы тіркелді.  

Ақтөбе облысында балық жаппай қырылып, мамандар судан сынама алды Фото: Видеодан скриншот

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, су айдынының жағалауында өлі сазандар, шортандар, алабұғалар, тасбалықтар мен шабақтардың көп мөлшері жиналып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Арнада қалған балықтар қырылып жатыр. Су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Бұл – басқа көздерден су түспейтін шағын арна. Жақын арада тазарту жұмыстары жүргізіліп, қажетті сынамалар алынады, – деп хабарлады Ырғыз  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

Тобыл-Торғай аралық облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше, арнайы пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарының сақталуы мен жағдайына жергілікті атқарушы органдар бақылау жасауға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу